Биыл ҰБТ өткізу форматы өзгермейді – Ұлттық тестілеу орталығы

715
Фотосурет: Depositphotos

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммункиациялар қызметі алаңында 2023 жылғы ҰБТ-ның жаңалықтарына тоқталды. Биыл талапкер ҰБТ-ны бес рет тапсыра алады: қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде оқу үшін, мамыр-маусым айларында өтетін негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«ҰБТ-2023 форматында өзгерістер жоқ. 5 пән, оның үшеуі міндетті және екі бейінді пән. Бұл талапкердің мамандығына қатысты қалып отыр. Алайда, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерінің тест тапсырмалары санына өзгерістер енгізілді. Осылайша, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Барлығы – 120 тапсырма. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағат (минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыты сақталады» Руслан Емелбаев

Сонымен қатар биыл сұрақтардың сапасын жақсарту мақсатында дистракторлардың (жауап нұсқалары) саны азайды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -