Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

926
Фотосурет: Gov

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасын Бибігүл Райханқызы Төлегенова басқарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.  Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітіргеннен кейін 1999 жылы еңбек жолын Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру-жедел және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

Содан кейін мемлекеттік бағдарламаны үйлестіру, медициналық технологияларды дамыту, дәрі-дәрмек саясаты және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы, МСАК үйлестіру бөлімінің, медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің лицензиялау және квота бөлімінің, медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің; амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің бас маманы лауазымында еңбек етті, қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы болып тағайындалды.

2021 жылдың сәуірінен бастап осы тағайындауға дейін денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-профилактика ісі, АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2017 жылы ҚАЗМЗУ бітіргені туралы дипломдары бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -