Астанадан бір түнде 12 мың текше метрден аса қар шығарылды

1135
Фотосурет: Gov

Астанада қар күреу бойынша жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Оған күн сайын мыңдаған жұмысшы мен мамандандырылған машиналар жұмылдырылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

13 ақпанға қараған түні елордадан 12 мың текше метрден астам қар немесе 915 рейс шығарылды.

Дүйсенбі күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына қаланың коммуналдық қызметтері 3,13 млн текше метр қар шығарды, бұл – 251 059 ауыр жүк көлеміне тең.

Жұмыс қаланың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде біркелкі жүріп жатыр. Тұрғындардың ыңғайлы жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, алаңдарға құм-тұз қоспасы себіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -