Бизнестің мәселелерін тез шешу үшін бар күшімізді саламыз

1342

Ақмола облысында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимовтың брифингі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы хабарлағандай, өңірде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру аясында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл аграрларды жеңілдікті бағамен дизель отынымен қамтамасыз ету, фермерлерді субсидиялау, жайылымдық жерлерді және пайшылардың шартты жер үлестерін пайдалану, сондай-ақ автожолдарды қайта жаңарту мәселелеріне қатысты.

Қазіргі уақытта жер қатынастарының, сумен жабдықтау, кәріз және экология жүйесінің проблемалық мәселелері ерекше бақылауда. Бұл салалар кейіннен тиісті шараларды қабылдай отырып, жан-жақты және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.

Тәуекелдер картасына енген әлеуметтік маңызы бар проблемалар негізгі алдын алу құралдары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау призмасы арқылы қаралады.

Өткен жылы Департамент 4 сыртқы талдау және 14 мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 65 ұсыныс енгізіліп, оның 91% - ы іске асырылды.

Мәселен, "KOKSHE" ӘКК-дегі тәуекелдерді талдау барысында Бурабай ауданының Катаркөл ауылдық округінде пайдаланылмайтын жайылымдар анықталды. Департамент бастамасымен ӘКК 490 гектар аумақты қамтитын 11 жайылымдық жер учаскесін мемлекетке өз еркімен қайтарып берді. Осылайша, жайылымдық жерлер тапшылығы мәселесін ішінара шешуге қол жеткіздік. Сондай-ақ, Сондай-ақ, осы Корпорация Щучинск қаласында ауданы 3,5 гектар тау шаңғысы кешенінің құрылысына арналған 1 жер учаскесін қайтарды. Мемлекетке қайтарылған 12 жер учаскесінің жалпы кадастрлық құны 78,8 млн теңгені құрайды.

Департамент басшысының айтуынша, Антикор адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Ағымдағы жылы "Бизнес жол" жобасы іске қосылды, оның шеңберінде кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуде практикалық көмек көрсетілді.

Мысалы, облыста жүк тасымалдаумен айналысатын 200-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалған. Сондай-ақ, Аrtsport платформасында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балалардың сабақтарын қаржыландыруға өтінімді ұзарту кезінде Атбасар қаласының кәсіпкері тап болған әкімшілік кедергілер жойылды.

"Кәсіпкерлердің өз бизнесін қорғауға қатысты күмәні болуы мүмкін, бірақ біз проблемалық мәселелерді заңды түрде тез шешуге бар күшімізді салатынымызға сендіргім келеді. Мен әрқайсысын тыңдап, көмек көрсетуге дайынмын. Сондай-ақ маған тікелей Facebook есептік жазбасы арқылы хабарлауға болады. Біз бизнеспен және азаматтармен диалог үшін әрқашан ашықпыз", - деп қорытындылады брифинг барысында Арман Рахимов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -