2023 жылы үш визит - орталықтың құрылысы аяқталады

8470

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева мәлімдеді. Тікелей эфир қонағы Қазақстандағы визит-орталықтардың жұмысы туралы айтып, желі қолданушыларының сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«2023 жылы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол «Сауран», «Гаухар-ана» және «Ордабасы» туристік оралықтары. Аталған тарихи визит-орталықтардың үшеуі де еліміздің рухани астанасы - Түркістан облысында орналасқан» Жанат Сеидалиева

«Сауран» қалашығы Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде. Мұнда келушілер мен туристерге қызмет көрсету үшін заманға сай инфрақұрылым жасалады. Ал, «Гаухар-ана» кесенесі - Орта Азия аумағындағы әйелдер құлшылық жасауға арнайылап келетін орын. Визит-орталықта қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін түнеуге арналған орындар қарастырылған. «Ордабасы» аумағында да визит-орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатыр.

«Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешендер ретінде пайдаланылатын болады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Бұдан бөлек жергілікті жердің мәдени-туристік кластерін дамытуға, өңірдің брендке айналған тарихи-мәдени және табиғи ресурстарды пайдалана отырып, имидждік, туристік өнімдерді жасауға үлкен мүмкіндік» Жанат Сеидалиева

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш визит-орталық толық қарқында жұмыс істеп жатыр. Ол Алматы облысындағы «Таңбалы», Ұлытау облысындағы «Ұлытау» және Түркістан облысындағы «Отырар» орталықтары.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -