19 ақпанда Алматыда дәстүрлі «Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді

1290
Фотосурет: DKNews

19 ақпанда Алматыда дәстүрлі «Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған орай, жарыс өтетін көшелерде қозғалыс ішінара шектеледі:

  • Назарбаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыстың солтүстік жағы – сағат 04:00-ден сағат 12:00-ге дейін
  • Желтоқсан көшесінен Esentai Mall-ға дейін – сағат 07:40-тан 11:00-ге дейін;
  • Esentai Mall-дан Гагаринге дейін – сағат 08:30-дан 10:40-қа дейін.

Әл-Фараби даңғылы бойындағы Меңдіқұлов тұсынан өтетін туннельге кіру 4:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы ашық әрі көлік қозғалысы еркін болады.

Сонымен қатар, Алматы көлік холдингі жарысқа байланысты 17 маршруттың схемасы өзгеретінін хабарлайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -