Көрсетілген қызметтер үшін ақша қаражатын төлеуден заңсыз бас тартудың кезекті фактісі анықталды

15070
Фотосурет: Depositphotos

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрманғазы аудандық ауруханасының климаттық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету қызметтері үшін шамамен 6 млн теңге көлемінде ақша аударудан бас тартқаны туралы шағыммен тағы бір кәсіпкер жүгінді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Антикордың жедел араласуы арқылы қаражат толығымен төленді.

Бұрын мекеме азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ақша аударудан бас тартқан, алайда кәсіпкердің өтініші толығымен қанағаттандырылды.

Бұл жолы Департамент аудандық аурухана директорын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -