Ұзынағаш ауылында арықтардың тазартылмауынан аулаларды су басты

1685

2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 17:12-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Наурызбай батыр көшесінде ауланы су басқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жерге Ұзынағаш ауылының №4 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы шықты.

Аулаларды су басу жеке үйлертұрғындарының осы көше бойындағы арық жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізбеу салдарынан орын алды, оларға жақын арада арықтарды қоқыс пен қардан тазарту ұсынылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

В селе Узынагаш из-за засоренных арыков подтопило дворы

Шақырту орнына келгеннен кейін қардың еруінен тұрғын үйдің ауласын еріген су басу қаупі бар екені анықталды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен ұзындығы 40 метр көше бойында 20 тонна инертті материалдар төселді, сондай-ақ жертөледен 0,2 текше метр су сорылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен 5 қызметкер мен 2 техника (1 бірлік - мотопомпа), 30 әскери қызметші, 1 бульдозер, ТЖМ №28237 әскери бөлімінен 2 Камаз, 10 қызметкер және жергілікті атқарушы органдарынан 2 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар департаменті еріген суларды арық желілері арқылы кедергісіз өткізуді ұйымдастыру мақсатында жеке сектор тұрғындарынан жеке аумақтарда, сондай-ақ үйлерге іргелес учаскелерде орналасқан арықтарды тексеруді және тазартуды талап етеді. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін арық желілерінің қоқыспен бітелуіне және арық желісіне қардың төгілуіне жол бермеуіңізді кеңес береміз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -