Тимур Сұлтанғазиев халықаралық әріптестермен бірқатар кездесулер өткізді

995

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың үйлестірушілерімен денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау бойынша бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдармен достық, ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестікті дамыту және нығайту болып табылады. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы 16-дан астам ұйыммен ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Олардың ішінде ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ЮНЭЙДС, БҰҰДБ, БҰҰ ЕҚБ, БҰҰ Даму Бағдарламасы, ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қор, темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция және т.б. жетекші болып табылады» Тимур Сұлтанғазиев

Ол негізгі әріптес – Қазақстан Республикасы 1994 жылғы маусымнан бастап ынтымақтасатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рөлін атап өтті, басым бағыттар ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы екі жылдық келісімдерді іске асыру шеңберінде белгіленді.

«Біз үшін тағы бір маңызды әріптес - БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ). Біздің ынтымақтастығымыз төрт жылдық кезеңге арналған Елдік бағдарламаның негізінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде балаларға, жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету; патронаждың әмбебап прогрессивті моделін бағалау; халықты вакцинациялау және жоспарлы иммундау науқаны сияқты бағыттар бойынша жұмыс жалғасуда» Тимур Сұлтанғазиев

Ол сондай-ақ БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) үлесін атап өтті, онымен ЮНЭЙДС 95/95/95 стратегиясын іске асыру шеңберінде динамикалық өзара іс-қимыл жалғасуда (АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 95%-ы өз мәртебесін біледі; өз мәртебесін білетін адамдардың 95%-ы антиретровирустық ем алады; емделушілердің 95%-ында қарапайым вирустық жүктеме бар.

«Біз Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қызметіне денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде, атап айтқанда әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік препараттарды сатып алу, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қордың гранттарын орындауда қолдау, COVID-9-пен және тбасқалармен күреске бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру шеңберінде маңызды мән береміз» Тимур Сұлтанғазиев

Айта кету керек, коронавирус инфекциясының таралуы кезінде ішінде дәрі-дәрмектермен және ҚР аз қамтылған отбасыларын қорғаудың бастапқы медициналық құралдары бар дәрі-дәрмек қобдишаларымен қамтамасыз ету үшін БҰҰДБ және Азия Даму Банкімен бірлесіп 3 млн.АҚШ сомасына грант іске асырылды.

Сонымен қатар, Т. Сұлтанғазиев есірткіге тәуелділіктің профилактикасы мен емдеу, АИТВ-ның реинтеграциясы мен профилактикасы, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) жүзеге асыратын есірткіні тұтыну бойынша ұлттық зерттеулер жүргізу сияқты бағытты маңызды деп атады. 

Сонымен қатар, ол БҰҰ қорының халық саласындағы (ЮНФПА) халықтың репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша сапалы қызметтерге қолжетімділігін жақсарту, жасөспірімдер мен жас отбасылардың қажеттіліктерін ескеретін ұлттық заңнаманы, бағдарламаларды және басқаларды нығайту, гендерлік теңдікті ілгерілету және басқа бағыттардағы үлкен үлесін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықтың одан әрі перспективалары және халықтың денсаулығын сақтауға және қорғауға бағытталған басым жобаларды іске асыру туралы пікір алмасты. Кездесу соңында бірінші вице-министр еліміздің халықаралық әріптестеріне алғысын білдірді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ одан әрі тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделілік пен қолдау білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -