Қазақстанның әскери теңізшілері Пәкістандағы бірқатар іс-шараларға қатысты

1142

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Қарулы күштер Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Данияр Хайрушевтің басшылығымен Пәкістанға барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандықтар Пәкістан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы адмирал Мұхаммед Амджад Хан Ниазидің шақыруымен AMAN-2023 көпжақты әскери-теңіз жаттығуына бақылаушылар ретінде қатысуға Қарашиге келді.

«Бейбітшілік үшін бірге» ұранымен өткен жаттығуға жүзден астам елдің өкілдері шақырылды. Аталмыш оқу-жаттығулар елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға, кемелер қарқынды қатынасатын аудандарда және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу кезінде теңіз қарақшылығынан келетін қауіп-қатерлерін тойтару бойынша әскери теңізшілер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.

Сапар барысында қазақстандықтар әскери-теңіз өнімдерін шығаруға маманданған кәсіпорындардың жаңа технологиялары мен әзірлемелері қойылған I Халықаралық теңіз көрмесіне барды. Кәсіби тәжірибе алмасу тұрғысынан PIMEC-2023 халықаралық конференциясының да пайдасы зор.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -