Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында 30 мың адам жұмыс істейді

1175

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткізілген жиында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы Айжан Әділова айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған саланы дамыту мәселелеріне арналған іс-шараға мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында ведомство өкілі былтырғы көрсеткіштерге тоқталып,  алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6%-ға артып, 178 млрд теңгеге жетті. Айталық, тоқыма бұйымдарының өндірісі 5,3%-ға, киім өндірісі 7,8%-ға, сондай-ақ былғары және онымен байланысты өнімдердің көлемі 3,7%-ға өскен» Айжан Әділова

Сонымен қатар басқосуда мақта, жүн, тері және былғарыны өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек отандық брендтерді ынталандыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

«Анықталған табысты бағыттар мемлекеттік шығынды азайтып, бірақ сала өндірісіне айтарлықтай әсер ететін киім өндірісінің сегменттерін дамытудың мүмкіндігін көрсетіп отыр. Осыған орай шетелде отандық мамандарды оқытуға субсидия беру және еліміздің брендтерінің мемлекеттік деңгейде ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет» Айжан Әділова

Қазір Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы бағытында жұмыс істейтін 1 420 кәсіпорын тіркеліп, шамамен 30 мың адам еңбек ететінін айта кетейік.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -