Қостанай облысында Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы таныстырылды

14245

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қостанай облысы департаменті ведомстволарында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды уақытылы жою мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы, бұрын Министрліктің ішкі сатып алу және активтер департаментінің директоры қызметін атқарған Данияр Амантайұлы Ахметовты таныстырды.

А. Бейсенбекұлы қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін атап өтіп, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бейіндік жұмысын іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттерді белгіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -