Қазақстандағы бөлшек сауда: Қазақстандағы маңызды трендтер мен өзгерістер

7623
Фотосурет: freepik

2023 жылғы қаңтар-қазан аралығында Бөлшек сауда көлемі 14 827,1 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 6,9% артты.



Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 10 069,2 млрд теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда бұл 10,9% жоғары, деп хабарлайды DKNews.kz.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,4% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарларда – 67,6%.

Сауда көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, атомобильдерге арналған тетіктер, тораптар мен құрал-саймандар, аяқкиім, жиһаз, гүлдер, сағат және зергерлік бұйымдарын саудалайтын кәсіпорындарда атап өтілді.

2023 жылғы 1 қарашаға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 537,7 млрд теңгені, сауда күндерінде 70 күнді құрады (2022 жылғы 1 қарашаға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі –1 316,2 млрд теңге, сауда күндерінде 64 күн болды).


2023 жылғы қаңтар-қазандағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,2%) және Астана қалаларына (12,9%), сондай-ақ Қарағанды (8%) және Шығыс Қазақстан (6%) облыстарына тиесілі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -