Ақтау қаласында Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлім аумағында жастар арасында әскери қызметке деген идеологиялық жұмысты жандандыру мен патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Ақтау қаласының жоғарғы сынып оқушылары мен студенттеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.
Іс-шараға 100 – ге жуық оқушылар мен колледж студенттері қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында қонақтар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен, әскери техника және қару жарақ түрлері мен танысты.

Саптық алаңда оқушылар мен студенттерге арнап қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі өткізілді. Әскери қызметшілер қонақтарға заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері, әскери техникалар мен қорғаныс құралдарының техникалық сипаттамалары туралы айтып берді.

Әскери бөлімге келген студенттер әскери бөлім аумағына экскурсия жасап, әскери даңқ мұражайы, спорт қалашығы, асхана және сарбаздардың тұратын казармалармен танысты.

Сонымен қатар саптық алағда сарбаздар келген қонақтарға саптық дайындықтың қарумен және қарусыз орындалу тәсілдерін көрсетті.
Іс-шараға келген студенттер мен оқушылар әскери қызметкерлерге осындай ұйымдастырылған шара үшін шексіз алғыстарын білдіріп, әскерилердің ел қорғау ісіне толағай табыстар тіледі.
Капитан
Әубакир Ертуған