Павлодар облысында оқу-жаттығу: темір жол көлігіндегі химиялық ластануға қарсы күрес

5599
Фотосурет: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-мен бірлесіп 2023 жылғы 14 қарашада Павлодар-Северный станциясында төгілген күкірт қышқылын  жоюды пысықтау бойынша теміржол көлігінде арнайы-тактика оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқу-жаттығудың басында жеке құрамға, техника мен жабдыққа тексеріс жасалып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жоспарға сәйкес ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелері арнайы техника мен жабдықтардың көмегімен төгілудің салдарын оқшаулау және жою бойынша практикалық жұмыстар жүргізді.

Жеке құрамға тыныс алу органдарын қорғау құралдарын және химиялық агрессивті ортада жұмыс істеуге арналған арнайы костюмдер кигізіліп цистернаға таңғыш салды, бұл ТЖ жоюға мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығулардың мақсаттарына қол жеткізілді және толық көлемде орындалды. Оқу-жаттығуға Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері жеке құрамнан 21 адам және 5 бірлік техника, сондай-ақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС персоналы жұмылдырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -