Auezov University-де қоғам қайраткерлері атындағы дәрісханалар ашылады

6985
Фотосурет: Auezov University

Auezov University 80 жылдығына орай ғылым және білім саласындағы қайраткерлер атындағы дәрісханалар ашылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, мерейтой қарсаңында университеттің түлегі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынов пен университет түлегі, меценат Серікжан Сейітжанов атындағы дәрісханалар пайдалануға берілмек.

Заманауи құралдармен жабдықталған дәрісханада Auezov University білім алушылары үшін арнайы сабақтар, кездесулер өткізілетін болады.

Айта кетейік, еліміздегі іргелі көпсалалы жоғары оқу орны – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы 18 қарашада кең көлемде атап өтілмек. Атаулы дата қарсаңында «Білім, ғылым және инновациялар» Халықаралық форумы, ғылыми зертханалар кешенінің ашылуы және өзге де маңызды іс-шаралар бар. ​​​​​​​

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -