Батыс Қазақстан облысына ҚР қорғаныс министрлігінің ақпараттық тобы келіп "Қазақстанның тірегі-айбынды жастар" ұранымен әскери - патриоттық іс-шаралар ұйымдастырды.
Ақпараттық топпен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің жеке құрамыда бірге келді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-сапар барысында Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің жеке құрамы Батыс Қазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Леонтьевич Кочережкинге барып, 96 жасқа толған мерей тойымен құттықтады. Шара барысында Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің солистері майдангердің құрметіне соғыс жылдарындағы әндерді орындап, майдангерге денсаулық, ұзақ өмір тілеп қайтты.