Астанада әскери қызметшілерге арналған Денсаулық сақтау стратегиясы талқыланды

5027
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Бас әскери-медициналық басқарма бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайылдың басшылығымен дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға күштік ведомстволар әскери-медициналық бөлімшелерінің, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және «СК-Фармация» ЖШС мамандары қатысты.

Іс-шараны ашқан медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл денсаулық сақтау жүйесінің халықтың денсаулығын сақтаудағы маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, қолда бар тәжірибені ескере отырып, әртүрлі ведомстволардың өкілдеріне әріптестерімен бөлісетін көптеген мәселелердің бар екеніне сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл, инфрақұрылымдық даму, материалдық-техникалық жарақтандыру және медицина саласын цифрландыру мәселелерін талқылады.

Шет мемлекеттерге кететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, медициналық сақтандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, әскери қызметшілерді санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кадрлық қамтамасыз ету және әскери медицина мәртебесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -