Qatar AIR әуекомпаниясы Новосибирск қаласына ұшуды қайта бастайды

5896
Фотосурет: ru.m.wikipedia.org/ Saken nigma

Мәскеу қаласында өткен көлік апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездескен болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. 

Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осылайша желтоқсан айынан бастап аталған әуе компаниясы Астана–Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен–Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -