МКК қағаз түріндегі ЭШФ мен ілеспе жүкқұжаттарды ақпараттық жүйеге енгізу мерзімдерін еске салды

4092

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 17 қарашасында құжаттарды өңдеу кезінде кешігулердің болуына байланысты электронды шот-фактуралар немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар қағаз түрінде рәсімделген болса, келесі мерзімде «ЭШФ» ақпараттық жүйесіне енгізу қажеттігін хабарлайды:

  • шот-фактураларды 2023 жылдың 5 желтоқсанынан кешіктірмей 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
  • тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды 2023 жылдың 23 қарашасын кешіктірмей 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -