Желілік маркетинг түріндегі: Қазақстандағы Qnet қаржы пирамидасы туралы іс

5896
Фотосурет: freepik

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті  «Qnet»  қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жж. аралығында 44 млн теңгеге жуық  көлемде ақша қаражаттарын тартқан.

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан  1 млн 200 мың теңге көлемінде  қаржы салғаны анықталды.

Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -