Алматыдағы сыбайлас жемқорлық дело: Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды

4895
Фотосурет: freepik

ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары жемқорлық үшін әшкереленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

 
 
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздің комитетінің Департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша облыстың Экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі. 
 
Ол ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.  

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.  
 
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 
 
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -