Қазақстандағы тұрғын үй туралы заң: 1 тамыздан бастап қандай өзгерістер болды?

8063
Фотосурет: Gov

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысындағы баяндамасында айтып өткендей, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрғын үй кезегінен 21 607 азамат алынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде кезекте тұрғандарға тоқсанына кемінде бір рет түгендеу жүргізу бойынша ұсыныстар көзделген. Бүгінгі таңда әкімдіктер бұл жұмысты жылына бір рет қана жүргізеді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, кезекте тұрғандардың қолданыстағы базасына заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізді.

Алдын ала деректер бойынша 646 мың азаматтың 232 мыңы есептен шығарылуға жатады.

  • Соңғы 5 жылда 96,1 мың тұрғын үйлі болды;
  • 533-ҚР азаматтығы жоқ;
  • 91,4 мың – тіркеу орны (тіркелу) кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді;
  • 29 мың - тіркеусіз;
  • 15,6 мың адам қайтыс болды.

Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар бұрын тиісінше жүргізбегенінің айғағы. 

Бүгінгі таңда әкімдіктер Министрлікпен бірлесіп осы бағытта жұмыс істей бастады. Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін кезектен 21 607 азамат алынды (ҰОС ардагерлері-5, жетім балалар – 1045, көпбалалы отбасылар – 3539, ХӘОТ – 7936, мемлекеттік қызметшілер мен бюджетшілер – 9002, авариялық тұрғын үйі бар азаматтар-80.).

Сондай-ақ, пленарлық отырыстың аясында министр кезекте тұрғандардың жалпы санынан, яғни 646 мың азаматтың тек 250 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері болып табылатынын хабарлады. Министр кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі проблеманың бар екенін министрлік мойындайтынын және қолда бар бюджет қаражатының барынша тиімді бөлінуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -