Қысқы кезеңде ТЖ алдын алу: Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

5445
Фотосурет: Gov

2023 жылғы 23 қарашада елімізде «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқу-жаттығу 2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығуды басқару штабы Петропавлск қаласында орналасқан.

«Қыс-2023» оқу-жаттығуы шеңберінде 23-24 қарашада республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.

«Қыс-2023» РКШО барысында ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қоса отырып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -