Техникалық процестер немесе шартты орындағысы келмеу: жолды жөндеу үшін қарыз кәсіпкерге төленбеді

5214
Фотосурет: Depositphotos

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне автожол саласының ЖШС өкілі проблемалық мәселемен жүгінді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Көкшетау қаласының ТКШ бөлімі ағымдағы жылдың ақпан айында кәсіпорынмен көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны белгілі болды.

Мердігер өз жұмысын орындағанына қарамастан, мемлекеттік орган шамамен 220 млн теңге сомасындағы қарызды өтеуге асықпаған. Шенеуніктер төлемді кешіктіруді мемлекеттік мекеме атауының өзгеруіне байланысты оны қайта тіркеу жүргізілгендігімен түсіндірді.

Департамент мүдделі тараптармен кездесу өткізіп, қайта тіркеу процесі аяқталғанын анықтады. Алайда мемлекеттік орган ақпараттық жүйедегі техникалық процестерге сілтеме жасай отырып, міндеттемелерді орындамады.

Нәтижесінде, өңірлік Антикордың араласуынан кейін ТКШ бөлімі бизнес субъектісіне атқарылған жұмыстар үшін ақшалай қаражатты толық көлемде аударды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -