Ұлттық ұлан "Жас Бүркіт" әскери-патриоттық қозғалысының мерейтойын атап өтті

22671
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

24 қараша күні Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, әскер ардагерлері, Астана гарнизонының жеке құрамы және өзара әрекеттес органның өкілдері арнайы қатысты.

Бастауын 2003 жылы сол кездегі Ішкі әскерлердің әскери бөлімдерінен алған «Жас бүркіт»  әскери-патриоттық қозғалысы 20 жылдық белесті артта қалдырды. Осыған байланысты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов баяндама жасады. 

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов алғашқы болып «Жас бүркіт»  әскери-патриоттық қозғалысы 20 жылдығымен құттықтады.

Биылғы 5 мамырда өткен Бүкілармиялық кеңесте Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге аса мән беру қажеттілігін ерекше атап өтті. Бұл тапсырманы Ұлттық ұлан әскері белсенді орындап келеді. 20 жылдың ішінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныптары еліміздің барлық өңірлерінде ашылып, қазіргі кезде ауқымды жұмыс атқарып келеді. Бүгінгідей атаулы күнде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының нәтижелі жұмыстарын мақтанышпен айта аламыз.  Бүгінгі жастар – ертеңгі Отан қорғаушылар. Еліміз мәңгі болсын десек, жастарымыз нағыз патриот, еңбекқор, өз Отанына шексіз берілген азамат болуы тиіс. Егеменді елдің болашағы өскелең ұрпақтың қолында Генерал-лейтенант Еркін Ботақанов

Құттықтау сөзден кейін «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының ең кішкентай мүшесі «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысына көрсетіп жүрген қамқорлығы үшін  Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына клубтың атрибутын табыстады.

Жас өрендерді ҚР Парламенті Мәжілісі атынан депутат Максим Рожин, Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Тілеухан Басқожаев және 6506 әскери бөлімінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының алғашқы жетекшісі отставкадағы подполковник Арман Ахашов арнайы құттықтады.

Көрермендер алдында 5573 және 6636 әскери бөлімдерінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері клубта үйренген әдіс-тәсілдерін, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік жиында «Жас бүркіт» клубының қатарына қосылған жасөспірімдерді салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Сондай-ақ іс-шара Ұлттық ұлан Ән-би Ансамблінің бишілер тобының, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығының Орталық ансамблінің «Жас сарбаз» балалар студиясының өнерпаздарының қатысуымен өткен салтанатты концертке ұласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -