Қазақстанда авиатасымалдарға сұраныстың өсуі: жаңа перспективалар

11704
Фотосурет: Gov

2025 жылға қарай отандық әуе компанияларда 145 жеке ұшақ болады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қостанайда облыс орталығының әуежайынқайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі туралы мәселе көтерілуде.

Көлік министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Марат Қарабаев дәстүрлі түрдеөңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Облыс тұрғындарымен кездесу «Жастар сарайында» өтті. Кездесуге 70-ке жуық жергілікті кәсіпкер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері келді. Өңір тұрғындары облыстың көлік инфрақұрылымының нашарлап кетуіне қатысты мәселелерді көтерді. Автожолдардың сапасы, елді мекендер ішінде және қала арасындағы автобус қатынасы мен теміржол көлігіндегі сервистің төмен деңгейі де талқыланды.

Бұдан басқа, облыс тұрғындары ведомство басшысынан Қостанай әуежайын қайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі жөнінде сұрады. Өйткені билеттің қолжетімсіздігіне байланысты авиакөлік өңірде аса сұранысқа ие емес.

«Әуе қатынасына қатысты сұрақтар қоғамда жиі талқыланатын мәселе. Билеттер қымбат, ол рас. Қазірі таңда жаңа лоукостермен халықаралық компанияның отандық нарыққа шығу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бәсекелестік пайда болса, сәйкесінше билет құны да төмендейді. Сонымен қатар азаматтардың әл-ауқаты да өсіп келеді. Бұл әуе тасымалдарға деген сұраныстың жыл ішінде 27пайызға өсуімен түсіндіріледі. Аталған сұранысты қанағаттандыру үшін біз жаңа ұшақтарды сатып ала бастадық. Биыл тағы 11 ұшақ сатып аламыз, содан кейін Қазақстанда 100 ұшақ болады. Ал 2025 жылға қарай отандықжолаушылар авиакомпанияларының 145 жекеборты болады деп жоспарлап отырмызСондай-ақ жаңа авиамаршруттарды іске қосу жоспарымызда бар» Марат Қарабаев

Министрдің жеке қабылдауына автобуспен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және Яндекс такси мен Индрайвер агрегаторларының қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтар жазылды

Азаматтардың арқалап келген өтініштерін мұқияттыңдаған соң министр аталған мәселелерді шешуүшін нақты ұсыныстар қажет екендігін тілге тиек етіп, келесі аптада тасымалдаушылардың мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау үшін тағы бір кездесу ұйымдастырылатынын айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -