Қазақстан Президенті қазақстандықтардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдады

5126
Фотосурет: zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:

1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -