Қылқан жапырақты ағаштарды қорғау: ІІМ “Шырша” акциясын бастады

8019
Фотосурет: ҚР ІІМ

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу – полицияның жаңа жыл қарсаңындағы міндеттерінің бірі. Мәселен, 15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Шырша” акциясын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Оларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де қатысады.

Полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ егер сіз шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз, тәртіп сақшылары бұл туралы “102” телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -