Бақыттың кілттері: көп балалы отбасыларға арналған жаңа пәтерлер

12342
Фотосурет: Абай облысының әкімдігі

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Жарма ауданында жаңадан салынған тұрғын үйлер пайдалануға берілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Достық көшесінде жаңадан салынған 3 қабатты 30 пәтердің кілттері көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындарға табысталды.

Жалпы аудан бойынша «Қуатты Өңірлер ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Қалбатау ауылында Искакова көшесінде 25 үй немесе 50 пәтер және Достық көшесінде 30 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй, Шар қаласында 5 үй немесе 10 пәтер пайдалануға берілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -