Қолбасшы әскери бөлімдерге барды

6820
Фотосурет: Сарыөзек гарнизонының баспасөз қызметі

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығыәскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев жоспарлы жұмыс сапарыбарысында Сарыөзек гарнизонының әскерибөлімдерін тексерді.

Қолбасшысы жауынгерлік дайындық іс-шараларын, мерзімді қызмет сарбаздарынорналастыруды, сондай-ақ әскери бөлімдердің, соның ішінде асханалардың, медициналық жәнемәдени-демалыс мекемелерінің инфрақұрылымындамытуды тексерді. Сондай-ақ, қолбасшы жекеқұрам қызметінің әлеуметтік-тұрмыстықжағдайлары мен шарттарын сұрады.

Одан басқа әскери бөлімдердегі техника мен қару-жарақтың жай-күйіне, олардың сақталу жәнепайдалану жағдайларын, әскери полигондар мен оқуорындарындағы жылыту жүйелеріне, әскерибөлімдердің қысқы кезеңге дайындығына ерекшеназар аударды.

Сапар барысында қолбасшы әскери бөлімкомандирлерінің бөлімшелерді жасақтау жөніндегі, сондай-ақ әскери қызметшілерді жаңа жылдықмереке күндеріне дайындау жөніндегі ағымдағыміндеттердің орындалуы туралы баяндамаларынтыңдады. Қырағылықты арттыру, әсіресе мерекекүндері, жауынгерлік кезекшілік пен әскер қызметінұйымдастыру, жеке құрамның жауынгерлікқабілетін одан әрі арттыру жөнінде тиістітапсырмалар берді.

Ол оқу-материалдық база нысандарыныңдайындығын бағалап, әскери қызметшілерменсабақтарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін атапөтті.

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы подполковник Абзал Сартаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -