Қазақстанның төлем карточкаларының нарығы өсу динамикасын көрсетіп отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.
2023 жылғы 10 айда Қазақстан банктерінің төлем карточкаларын ұстаушылар 132,8 трлн теңгеге 9,5 млрд операция жүргізді. Оның ішінде қолма-қол ақшасыз тәсілмен 114,1 трлн теңгеге 9,3 млрд операция жасалды.
Халықтың қолма-қол ақшасыз операциялар жасауының ең жоғары сұранысқа ие тәсілі – интернет және мобильді банкинг. 2023 жылғы 10 айда қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн операциялардың үлесі саны бойынша 77,0% және көлемі бойынша 88,1% болды. Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкинг арқылы 330,7 млрд теңгеден астам сомаға 23,5 миллионнан астам операция жүргізеді.
Онлайн-банкинг арқылы жасалған операциялар (трлн теңгемен)

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған инфрақұрылым айтарлықтай кеңейді. Төлем карточкаларын төлеуге қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 762,7 мың кәсіпорынға дейін өсті.
Ағымдағы жылғы 10 айда әрбір кәсіпкер арқылы 55,8 млн теңгеге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін орта есеппен 5,2 мың төлем жүргізілді. Қазақстандағы әрбір оныншы кәсіпкер төлемді интернет-эквайринг арқылы қабылдайды.

Кәсіпкерлер мен банктердегі POS-терминалдардың саны 983,4 мың бірлікті құрады. 31,3%-ға өсу байқалып отыр. 2023 жылғы 10 айда әрбір POS-терминал арқылы 15,0 млн теңгеге орта есеппен 2,2 мың операция жүргізілді.