Ауылдан келген оқушылардың талантын қолдау: жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың екінші кезеңі басталды

6479
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ағымдағы жылдың 22-23 желтоқсан күндері ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өткізіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Екінші кезеңге олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен 25 844 оқушы қатысады. Екінші кезең дәстүрлі форматта бір турдан тұрады және аудан орталықтарында өтеді. Өңірлерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ауа-райы жағдайы қатаң қадағаланады.

Атап өтейік, екінші кезең жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) үшінші кезеңге қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -