Қорытындылау: Қазақстан Қорғаныс министрлігі 2023 жылдың нәтижелерін бағалады

6336
Фотосурет: Gov

Қорғаныс министрлігінде Орталық аппараттың жалпы қызметтік іс-әрекеті қорытындыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астанада Қарулы күштер Бас штабы бастығының міндетін уақытша атқарушы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Карбеновтың басшылығымен кеңес өтті.

Әскери басқару органдары мен әскерлердің дайындық мәселелері қаралған кеңесте Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының биылғы жалпы қызметтік іс-әрекеті қорытындыланып, 2024 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Кәсіби дайындықтағы жетістіктері, әскери тәртіптің жоғары деңгейі, қойылған міндеттерді жауапкершілікпен орындағаны үшін үздік құрылымдық бөлімшелер грамоталармен марапатталды.

2024 жылы Қорғаныс ведомствосының негізгі күш-жігері Жоғарғы Бас қолбасшының елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы күштерді одан әрі дамыту, әскерлер мен әскери басқару органдарының дайындық жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -