30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін: Астанада қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

4279
Фотосурет: DKNews

30 және 31 желтоқсан күндері елордада автобустар демалыс күні кестесі бойынша қатынайтын болады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елорданың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
1 қаңтарда сағат 06:00–ден 10:00-ге дейін автобустардың 50 пайызы жүреді, сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді.

2 қаңтар күні-сенбі кестесі бойынша(06:00 - 23:00).
3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді.

3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге, яғни апта күніне сәйкес штаттық режимде жүреді.
Тұрғындардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -