Әскерилердің Жаңа жылдық шыршасы өтті

6963
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде қызмет атқаратын әскери қызметшілердің балаларына арналған Жаңа жылдық шырша өтті.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында 6656 әскери бөлім басшылығының ұйымдастыруымен Жаңа жылдық кеш өтті. Іс-шараға бөлім командирі, полковник Болатбек Мұқамбетқалиев қатысып, балаларды келе жатқан 2024 Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

       

Шырша шамын жағуға асыққан Ұландықтардың балалары Аяз ата мен Ақша қарды ерекше қарсы алып өздерінің дайындаған тақпақтарын, әндері мен билерін ұсынды. Өз кезегінде Аяз ата мен Ақша қар өздерін асыға күткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын шашу етті.

Айта кетейік іс-шараға әскерилердің жалпы саны 150-ге жуық балалары қатысып мәз-майрам болып тарқасты.

Капитан Ертуған Әубәкір

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -