Командирдің шыршасы: балалар ұмытылмас мереке алды

7458
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының Жаңажылдық шыршасы қалалық офицерлер үйінде аталып өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мерекелік кешке жүзге жуық балдырған мен олардың ата-аналары қатысты.

Жаңа жылдық қойылымның негізгі мақсаты – көпбалалы әскери қызметшілердің отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Салтанатты кеште Аяз ата мен Ақшақар балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

   

Сонымен қатар қарақшылар, ескі жыл – Қоян мен Жаңа жыл – Айдаһар  бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері қойылымдар қойды. Іс-шарада әр бала ертегіге тартылып, кеш шоу-көрініс түрінде өтті. Балалармен арнайы ойындар мен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Мереке соңында әрбір балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -