Таразда дарынды оқушылар Президент атынан сыйлықтар алды

11396
Фотосурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы дарынды оқушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Төле би атындағы №8 гимназияның оқушысы Сенім Мұхамедалиеваға ҚР Президентінің құттықтауын жеткізіп, жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті.

Аймақ басшысы Сенімге оқуда үздік, өмірде жолы ашық болуын тіледі.

Алтыншы сынып оқушысы Сенім Мұхамедалиева «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауында «Информатика робототехника, STEM, инженерия» секциясында және шахматтан ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде 1-ші орынды иеленген.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының құттықтауы №12 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Шыңғыс Әбдуәлі мен №16 орта мектептің 3-сынып оқушысы Кәусар Мұқатайға тапсырылды. Оларды облыс әкімінің орынбасарлары жеткізді.

Шыңғыс «Жарық жұлдыз» байқауында «Үздік оқушы» атанып, «Алтын таланттар» халықаралық байқауында қатарластарынан оқ бойы озық шыққан. Ал Кәусар каратэ-до бойынша облыстық жарыстардың жеңімпазы.

Өз кезегінде де жүздері бал-бұл жанған балалар мен олардың ата-аналары Мемлекет басшылығына ризашылығын жеткізіп, қуаныштарымен бөлісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -