Елордалық еріктілер қарт азаматтарға көмекке келеді

7832
Фотосурет: Астана әкімдігі

Елордалық волонтерлер тұрғындарға үйдің маңындағы қарды күреуге көмектесуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауа райының бұзылуына байланысты қайырымдылық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызуда. Соған байланысты «Астана Жастары» және «Жастар рухы» волонтерлері елорданың екі ауданындағы 5 тұрғын үйдің ауласын қардан тазартуға көмектесті.

«Мұндай көмек болғаны қандай тамаша. Жеке үйде тұрғандықтан қыста қар күреу қиындық туғызады. Маған бүгін көмір әкелуі тиіс еді, ал қақпаны қар басып қалған. Сондықтан бұл дер кезінде көрсетілген көмек болды. Қарды өзіміз күресек әрине, қиын болар еді», - деді Астана тұрғыны Галина Вербовская.

Атап өтерлігі, елордалық волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратуға көмектеседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -