Тегін сырғанау: Алматыда қысқы демалысқа арналған 12 мұз айдыны

5467
Фотосурет: Almaty akimdigi

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған он екі мұз айдыны жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазір шаһарда сегіз мұз айдыны ашылды, тағы төртеуі қаңтар айында іске қосылады.

Ауа райының жылы болуына байланысты мұз айдындары мұздың дайын болғанына қарай ашылады. Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады, жалға алу құны 1000 (2 сағат) теңге. Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындары тәулік бойы ашық.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -