Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакинаны Австралиядағы турнирдегі жеңісімен құттықтады

7194
Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Австралиядағы турнирдегі жеңісімен құттықтап, оған жаңа спорттық жетістіктер тіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді" Делінген хабарламада

Еске салайық, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бризбендегі WTA 500 турнирінің финалында беларуссиялық спортшы Арина Соболенконы (2-орын) ұтып, жеңімпаз атанды.

Бірінші сет 6:0 есебімен аяқталып, 25 минутқа созылды. Екінші сет нәтижесі – 6:3. Қазақстан теннисшісі жартылай финалда чех Линда Носкованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Қарсыласу 65 минутқа созылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -