Сенаторлар Жетісу облысындағы аумақтық қорғаныстың дайындығын бағалады

2794
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Талдықорған қаласына жұмыс сапары аясында сенаторлар Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов аумақтық қорғаныс бригадасының қызметімен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенаторлар әкімдіктің азаматтық және аумақтық қорғанысын қамтамасыз ету, жұмылдыру дайындығы жөніндегі әскери бөлімше мен басқарманың материалдық жарақтандырылуын зерделеді.

Кездесуде мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге азаматтарды барынша тартуға бағытталған шараларды қамтитын аумақтық қорғанысты құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Одан бөлек аумақтық қорғанысты нығайту іс жүзінде жүзеге асатыны да атап өтілді. Бұл ретте жақында Жетісу облысында әскери қызметке жүзден аса адам қабылданбақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -