Суару жобасы: Қазақстан миллиондаған текше метр суды қалай үнемдеді

3410
Фотосурет: freepik

Қазақстанның оңтүстігінде суармалы судың шығыны азайды.

Бұл ирригация және дренажды жүйелерді жетілдіру бойынша жобаның нәтижесінде мүмкін болды. Атап айтқанда, жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 105,1 мың га аумақта іске асырылып жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері 74,5 мың га суармалы жерге су беру жақсарды, ирригациялық желілердегі су шығыны 193 млн текше метрге дейін азайды.

«Суармалы суды үнемдеу және тиімді пайдалану – қазіргі уақытта министрліктің назарындағы басым бағыттардың бірі. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өте өзекті. Сонымен қатар, ведомство Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 шақырым суару желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр» ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -