Ақмола облысындағы спорт саласындағы тәуекелдерді талдау

3168
Фотосурет: freepik

Ақмола облысында спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Талдау шеңберінде еңбекақы төлеу қоры, спорт тауарлары мен жабдықтарды сатып алу, спорт клубтарын қаржыландыру, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және басқа да мәселелер қамтылатын болады.

Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -