Қардан тазарту: Астанада 2400-ден астам жол жұмысшысы тазалауға шықты

4928
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 1600-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жауын-шашынның мол болуына байланысты қарды тазарту жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3444 жүк рейсіне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 654 224 текше метр қар шығарылды, бұл 121 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.

Қалада жиналған қар арнайы полигондарға шығарылады.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Астанада 10 қаңтарда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), боран болады.
Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с.
Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -1-3 аяз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -