Медициналық көмек: 2023 жылы қанша адам емханалар мен ауруханаларға жүгінді?

3993
Фотосурет: pixabay.com

Өткен жылды қорытындылай келе, біз қанша қазақстандықтың емханалар мен ауруханаларға жүгінгені, қандай медициналық көмек алғаны, қанша зерттеп-қараудан  және консультациядан өткені туралы айтып береміз. Денсаулық сақтау жүйесінің ең "қызу" учаскелерінің бірі - медициналық-санитариялық алғашқы қызмет, пациеттің медициналық көмекке жүгінуінің алғашқы нүктесі, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Биыл еліміздің бастауыш медициналық ұйымдарында 90 млн-нан астам қаралушы тіркелген, бұл өткен жылғы жүгіну санынан 10%-ға жоғары.

Биылғы жылы скринингтік тексерулермен 2,8 млн. ересек адам, оның ішінде 1,1 млн.ауыл тұрғыны қамтылды. Бұл ретте патологиялар 388 мың адамда анықталды, зерттеліп-қаралған 220 мың азамат диспансерлік есепке алынды. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үрдісі күшейіп, олардың саны 6,7 есеге артып, 688 мың қызметке жетті.

Амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет немесе 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет алды. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылды.

Соңғы 3 жылдың ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 2 еседен астам ұлғайды, ол бүгінде 237 млрд.теңгеге жетті. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша нозологиялар санын 48-ден 126-ға дейін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС пакеттеріндегі тегін дәрілік препараттардың тізбесі-272-ден 347-ге дейін кеңейтілді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізу мақсатында еліміздің әрбір тұрғыны үшін 78 МСАК объектісі салынып, 80 бастапқы буын объектісі жөнделді.

Бүгінгі таңда  медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 110 мыңнан астам маман, оның ішінде 34 195 дәрігер және 75 852 орта буын қызметкері жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -