Ақмола ассамблеясы бұқаралық ақпарат құралдары және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобаларын талқылады

3674

11 қаңтарда Ақмола облысының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наталья Дементьева Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында Дементьева Наталья Григорьевна қатысушыларды Мәжілісте қаралып жатқан масс-медиа, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобаларымен таныстырды.

Өзара пікір алмасу форматында өткен кездесу барысында қатысушылар мен қонақтар аталмыш тақырып аясында өздерінің бірқатар пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты Н.Дементьева барлық айтылған ұсыныстарды алдағы уақытта міндетті түрде Парламенттегі жұмысында пайдаланатынын жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -