16 қаңтар Шет ауданында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 769 шақырымында ТЖД күштерімен «Астана – Ташкент» бағытында жүріп бара жатып, техникалық ақаулық салдарынан тұрып қалған «Yutong» автобусынан Ақсу-Аюлы ауылына 28 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Эвакуцияланғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды облысының ТЖД жүргізушілерге жол жүрмес бұрын көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалау қажеттігін ескертеді. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүруден бас тарту ұсынылады. Ауа-райының өзгеруіне сай киініңіз. Қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктердің иелері мен жүргізушілерінен қауіпсіздік шараларына баса назар аударуын сұраймыз.

Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!