Соңғы 5 жылда алаяқтық үш есеге дейін өсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Егер 2019 жылы 332 факт тіркелген болса, 2023 жылдың аяғында бұл сан 1133-ке жетті.
Әлеуметтік желілерде тез және оңай табыс табу, қор биржасында кірісті ұлғайту, тауарды нарықтық бағадан төмен бағамен сату мүмкіндігі туралы жалған жарнамалар кеңінен таралуда.
Мысалы, азамат Н. инстаграм әлеуметтік желісінде, ақша салу арқылы пайдалы инвестициялардың жарнамасын көргеннен кейін, 15 млн. теңгесін жоғалтқан.
Басқа жағдайда, тексерілмеген сатушыдан интернет-дүкен арқылы тауарды төмен бағамен сатып алғысы келген Көкшетау қаласының тұрғыны алаяқтарға 200 мың теңге аударған.
Қор биржасында табыс туралы бейнероликті қарау кезінде азамат К. сайт ұсынған сілтемелер бойынша өтіп, Binance платформасында тіркеліп, 5 млн. теңгеден астам қаражат салды, алайда оларды кері шығару мүмкін болмады.
Осыған байланысты, облыс прокуратурасы азаматтардан түрлі жалған жарнамаларға, тез және оңай табыс табу мүмкіндігі туралы сілтемелерге сенбеуді, тауарды сатып алу кезінде сатушыдан тауардың бар-жоғын бейнеқоңырау арқылы тексеруді сұрайды.
Ақшаны сақтау, ең алдымен, азаматтардың қырағылығына байланысты.