Қазақстан мен ТРАСЕКА автомобиль көлігі және теңіз көлігі саласында ынтымақтасады

2354
Фотосурет: Көлік министрлігі

Сәтжан Аблалиев пен Әсет Асавбаев автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау мәселелері бойынша, оның ішінде «Сарпи» және «Қызыл көпір» өткізу пункттерінде машиналардың топталып жиналуы, сондай-ақ Каспий және Қара теңіздерде паром қатынасын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы ретте Ә.Асавбаев вице-министрді ТРАСЕКА елдерінің бастамалары және ағымдағы жұмысы мен орындалу мәртебесі туралы хабардар етті.

Кездесу барысында тараптар жүктерді жартылай тіркемелермен тасымалдау жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары жөнінде сөз қозғады. Атап айтқанда, қосалқы мердігерлік бойынша шараларды іске асырудың маңыздылығы атап көрсетілді.

«Мұндай тасымалдаулар тауарларды тасымалдаудың арзан түрімен қамтамасыз етуде үлкен потенциалға ие, өйткені кемеде жартылай тіркемені тасымалдау кезінде жүргізушіге еңбекақы төлеудің де, іссапар шығындарының да, виза алудың да қажеті жоқ. Сондай-ақ теңіз арқылы тасымалдаудың өзі жартылай тіркемесі бар тартқыш тасымалдаумен салыстырғанда арзанырақ»  Әсет Асавбаев

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты келісім шеңберінде ТРАСЕКА Бас хатшысы Көлік министрлігінен қазақстандық тараптың БТР туралы келісімнің мәтінін қарастыруды аяқтау жөніндегі рәсімдерді жеделдету мәселесіне жәрдемдесуді сұрады.

«Бұл келісім жобасын ҮАК кезекті отырысы шеңберінде қол қоюға дайындауға мүмкіндік береді» Әсет Асавбаев

БТР туралы келісім ТРАСЕКА аймағындағы рұқсат беру жүйелерін ырықтандыруға және рұқсат беру факторының ықпалына байланысты елдер арасындағы автомобиль жүк тасымалын жеңілдетуге бағытталған. Бұл өз кезегінде бірнеше елдердің аумақтары арқылы алыс қашықтыққа орындалатын тасымалдарға, яғни бірнеше рұқсат алу қажеттілігімен де байланысты.

ТРАСЕКА Еуропаның, Кавказдың және Азияның 14 елін біріктіре отырып, автомобиль, теміржол және су көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға және дәліз маршруттарында шекарадан өту рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -